Іс-шаралар » Страница 3 » "Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі,
мектепке дейін шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72841) 3-12-52
Есепші бөлімі:
+7(72841) 3-12-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
Облыстық ашық волейбол турнирінде ІІ орын!
16
декабрь
2025
Облыстық ашық волейбол турнирінде ІІ орын!
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жасөспірім қыздар арасында өткен облыстық ашық волейбол турнирінде мектебіміздің командасы ІІ орынды иеленді! Бұл — жүйелі дайындықтың, табандылықтың және командалық бірліктің нәтижесі. Жас спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Команданы дайындаған бапкері Бидайчинов Нұрсұлтан Тоқтарұлына ерекше алғыс білдіреміз. Алдағы жарыстарда биік белестерді бағындыра берулеріңізге тілектеспіз! 
«Бүгінгі күн – Тәуелсіздіктің жемісі»
15
декабрь
2025
«Бүгінгі күн – Тәуелсіздіктің жемісі»
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Бүгінгі күн – Тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарының мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, елге, жерге деген жауапкершілікті арттыру. Шара барысында еліміздің жетістіктері, ұлттық құндылықтар мен азаматтық борыш туралы тағылымды әңгімелер өрбіді.
"Заң -ортақ, орындау- парыз" дебат өткізілді.
13
декабрь
2025
"Заң -ортақ, орындау- парыз" дебат өткізілді.
Мектебімізде мектеп оқушыларымен "Заң -ортақ, орындау- парыз" дебат өткізілді. Дебат барысында қатысушылар заңның әрбір азамат үшін маңызын, құқық пен міндеттің арақатынасын, заңды бұзудың салдары мен құқықтық жауапкершілік мәселелерін талқылады. Сонымен қатар құқықтық сауаттылықты арттырудың жолдары, қоғамдағы тәртіп пен әділдікті сақтау үшін заңға деген құрметтің маңызы ерекше атап өтілді.  
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай патриоттық ән байқауы өтті
12
декабрь
2025
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай патриоттық ән байқауы өтті
Дене шынықтыру, АӘД және эстетика пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай оқушылар арасында “Патриоттық ән байқауы” ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру, елге деген сүйіспеншілікті ән арқылы дәріптеу. Шара барысында оқушылар елге, жерге, Тәуелсіздікке арналған әсерлі патриоттық әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың орындау шеберлігі, сахна
"Бауыржан тұлғасы – өнеге"
11
декабрь
2025
"Бауыржан тұлғасы – өнеге"
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен "КММ 10.12.2025 күні "Бауыржан тұлғасы – өнеге" тақырыбында Бауыржан Момышұлының 115 жылдығына байланысты мектеп оқушылары Ақсу ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мерзімді әскери қызметке шақыру және әскерден тыс бөлімшесінің сержанты, 3- сынып сержанты Кулекенов Аян Сейілханұлымен кездесу өтті. Ерліктің, қайсарлықтың және отаншылдықтың жарқын үлгісі. Соғыс жылдарындағы батырлығы, қолбасшылық шеберлігі мен тәртіпке
🛡️ Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы! 🇰🇿
10
декабрь
2025
🛡️ Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы! 🇰🇿
«Ғали Орманов атындағы орта мектеп, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ-де оқушылардың патриоттық рухын көтеру мақсатында 09.12.2025 күні қорғаныс істері жөніндегі қызметкерлері және мәслихат депутатының қатысуымен "Ел қорғау – ерлік пен намыс жолы!" кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға: ▪️ Қазақстан Қарулы Күштерінің рөлі ▪️ Әскерге дайындық және әскерге деген құрмет ▪️ Жауапкершілік пен намыс ұғымдары ▪️ Елді қорғаудың маңызы туралы мазмұнды ақпараттар берілді. Жастарға
🏀 Жеңіс – бірлік пен шеберлікте!
09
декабрь
2025
🏀 Жеңіс – бірлік пен шеберлікте!
09.12.2025 күні дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен 9–10 сынып ұлдары арасында баскетболдан мектепішілік турнир өтті. ⚡ Ойын барысында оқушылар өзара шапшаңдық, дәлдік, командалық үйлесім мен спорттық мәдениетті көрсетті. Жанкүйерлер де қолдау білдіріп, жарыс қыза түсті. Мұндай турнирлер оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға үлкен серпін береді! 💪 📌 Күш – ынтымақта,  Жеңіс – жігерлілерге!
Кезекті таңғы жаттығу
09
декабрь
2025
Кезекті таңғы жаттығу
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен "КММ Мектеп оқушыларына таңғы жаттығу өткізілді. Таңғы жаттығу оқушылардың сергек оянып, оқу күніне жақсы көңіл-күймен бастауына, денсаулықтарын нығайтуға және тәртіптілікке үйренуіне оң ықпал етті. ​https://www.instagram.com/p/DSBvwI2CGLZ/​​​  
"Закладчики. Расплата" деректі фильмі көрсетілді
08
декабрь
2025
"Закладчики. Расплата" деректі фильмі көрсетілді
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ "Закладчики. Расплата" деректі фильмі мектеп оқушыларына көрсетілді. Оқушыларға жеңіл ақша табудың зардабы мен қиындығы туралы түсінік берілді.  
“Бір мақсат – бір нәтиже: тиімді жоспарлаудың құпиясы”
05
декабрь
2025
“Бір мақсат – бір нәтиже: тиімді жоспарлаудың құпиясы”
Мектебімізде “Бір мақсат – бір нәтиже: тиімді жоспарлаудың құпиясы” тақырыбында әдістемелік күн өтті. Іс-шара барысында педагогтер: 1. ҚМЖ құрастырудың өзекті тұстарын талқылады 2. Оқу мақсаты мен сабақ мақсатының айырмашылығын нақты айқындауды үйренді 3. Бағалау критерийі мен дескрипторды сауатты құрастыруға назар аударды 4. Сабақтағы бағалау жүйесін тиімді жоспарлау жолдарымен танысты. Бір-бірімен тәжірибе алмасып, жаңашыл әдістер арқылы кәсіби шеберлігін жетілдірген әріптестерге алғыс