ҚР Тәуелсіздігі күніне орай патриоттық ән байқауы өтті
Дене шынықтыру, АӘД және эстетика пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай оқушылар арасында “Патриоттық ән байқауы” ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық рухты көтеру, елге деген сүйіспеншілікті ән арқылы дәріптеу.
Шара барысында оқушылар елге, жерге, Тәуелсіздікке арналған әсерлі патриоттық әндерді орындап, өз өнерлерін ортаға салды.
Қатысушылардың орындау шеберлігі, сахна мәдениеті мен рухани дайындығы жоғары деңгейде болды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өскелең ұрпақтың елжандылық рухын нығайтып, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
- Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз мәңгі болсын!

