15
декабрь
2025
«Бүгінгі күн – Тәуелсіздіктің жемісі»
ҚР Тәуелсіздігі күніне орай, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде
«Бүгінгі күн – Тәуелсіздіктің жемісі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттарының мақсаты — оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, Тәуелсіздіктің тарихи маңызын түсіндіру, елге, жерге деген жауапкершілікті арттыру.
Шара барысында еліміздің жетістіктері, ұлттық құндылықтар мен азаматтық борыш туралы тағылымды әңгімелер өрбіді.
