19
декабрь
2025
«Тәуелсіздік тұғырым – Жас Ұлан болашағым»
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен "КММ
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым – Жас Ұлан болашағым» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет дарыту, тәуелсіз елдің жетістіктерін дәріптеу және «Жас Ұлан» ұйымының маңызын насихаттау.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және Әнұранды орындаумен ашылды. Іс-шара барысында Тәуелсіздіктің тарихи маңызы, елдің жүріп өткен жолы, бүгінгі жетістіктері туралы тағылымды сөздер айтылды. Оқушылар тәуелсіздікке арналған өлеңдер оқып, патриоттық әндер орындады.
Жиын барысында «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелері марапатталып, жас ұландарға үлгі болатын тәрбиелік ойлар айтылды. Шара жас жеткіншектерді елін, жерін сүюге, тәуелсіздікті қадірлеуге, болашақта Қазақстанның дамуына үлес қосатын саналы азамат болуға үндеді.
Салтанатты жиын жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани серпіліс пен патриоттық тәрбие берді. https://www.instagram.com/p/DSdRh7qjQbc/