Іс-шаралар » Страница 2 » "Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі,
мектепке дейін шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72841) 3-12-52
Есепші бөлімі:
+7(72841) 3-12-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ең үздік оқырман” сайысы өтті.
06
январь
2026
“Ең үздік оқырман” сайысы өтті.
Балалардың қысқы демалысын тиімді пайдалану мақсатында мектепшілік 5 сынып оқушылары арасында “Ең үздік оқырман” сайысы өтті. Сайыста оқушылардың оқу жылдамдығы тексеріліп норма бойынша көрсеткіші анықталды. “Ең үздік оқырман” сайысының қатысушылары I, ll, lll дәрежелі дипломдармен марапатталды. ​https://www.instagram.com/p/DTKVJMVjdvU/?img_index=2​​​
📚 ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН №2
05
январь
2026
📚 ӘДІСТЕМЕЛІК КҮН №2
Ғали Орманов атындағы орта мектебінде 18-желтоқсан күні «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі: жаңару мен шығармашылық» тақырыбында әдістемелік күн өткізілді. Әдістемелік күн барысында: 🔹 сабақ мақсатына жетелейтін нәтижелі тапсырмалар құрастыру; 🔹 бір оқу мақсатына бірнеше тапсырма түрін дайындау жолдары; 🔹 жасанды интеллект құралдарын сабақта тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды. Іс-шара мұғалімдердің кәсіби дамуына, тәжірибе алмасуына және шығармашылық ізденісіне бағытталды. Әріптестеріміз
🎄Аудан әкімінің шыршасы өтті
26
декабрь
2025
🎄Аудан әкімінің шыршасы өтті
2025 жылғы 26 желтоқсан күні  аудан орталығында  "Ғажайыпқа толы Жаңа жыл" атты  аудан әкімінің дәстүрлі жаңа жылдық шыршасы өтті.  Мерекелік шараға  аудан әкімі Берік Тынышбайұлы, білім бөлімінің басшысы А.Жексенбаев, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Шыршаға оқу үздіктері,  аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар, үздік жетістіктерімен көзге түскен оқушылар  қатысты. Шырша кешінде балаларға арнап арнайы сыйлықтар табысталып, ертегі кейіпкерлерімен ойын-сауық бағдарламасы
🎉 «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» 🎄
25
декабрь
2025
🎉 «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» 🎄
Мектебімізде 2025 жылдың 23–25 желтоқсан күндері аралығында оқушыларға арналған «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгіліктер барысында балалар ән айтып, би билеп, ертегі кейіпкерлерімен бірге қызықты ойындарға қатысып, мерекелік көңіл күйге бөленді. Жаңа жылдық шаралар балаларға шаттық сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
🌟 Ұстаз еңбегі – елге қызмет!
24
декабрь
2025
🌟 Ұстаз еңбегі – елге қызмет!
Мектебіміздің география пәнінің мұғалімі Батышева Бақытгүл Темурханқызы Ақсу ауданы, Қапал ауылдық округінің «Жыл қорытындысы – 2025» қорытынды жиналысында ауылдық округ әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. 🏅 Бұл марапат – ұстаздың кәсіби біліктілігі мен қоғам өміріне белсенді араласуының, шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегінің лайықты бағасы. - Бақытгүл Темурханқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да еңбегіңіз жемісті, жетістіктеріңіз мол болсын!  
💥 Күш пен жігер – жеңіс кепілі! 🏆
23
декабрь
2025
💥 Күш пен жігер – жеңіс кепілі! 🏆
Мектебіміздің 11«А» сынып оқушысы, армрестлер Алшынғазыұлы Ербосын арқан тартыс спортынан Ақсу ауданының командасы құрамында өнер көрсетіп, Жетісу облысының чемпионатында І орынға ие болды! - Бұл жеңіс – табандылықтың, төзімнің және үздіксіз жаттығудың нәтижесі. Ербосынды осындай жоғары жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! - Жас спортшымызға алдағы уақытта да жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз! 
Бірлік бар жерде – нәтиже бар!
20
декабрь
2025
Бірлік бар жерде – нәтиже бар!
18.12.2025 күні мектебімізде 11-сынып оқушылары, ата-аналар және пән мұғалімдерінің қатысуымен ҰБТ-ға дайындық пен қорытынды аттестацияға арналған мазмұнды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыс барысында төмендегі негізгі 5 мәселе кеңінен талқыланды: ✅ ҰБТ форматы, мерзімдері және бейіндік пәндерді таңдау ✅ Оқушылардың оқу үлгерімі мен жеке жауапкершілігі ✅ Кәсіби бағдар және болашақ мамандықты дұрыс таңдау ✅ Психологиялық дайындық, күйзелісті басқару жолдары ✅ Мектеп–оқушы–ата-ана–мұғалім арасындағы
«Тәуелсіздік тұғырым – Жас Ұлан болашағым»
19
декабрь
2025
«Тәуелсіздік тұғырым – Жас Ұлан болашағым»
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен "КММ 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік тұғырым – Жас Ұлан болашағым» тақырыбында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиет дарыту, тәуелсіз елдің жетістіктерін дәріптеу және «Жас Ұлан» ұйымының маңызын насихаттау. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен және Әнұранды орындаумен ашылды. Іс-шара барысында
«Сенім телефондарының» нөмірлері
18
декабрь
2025
«Сенім телефондарының» нөмірлері
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен" КММ Мектебімізде арнайы бұрыш, сенім жәшігі орналасқан. Зорлық- зомбылық және кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу мәселелері бойынша «Сенім телефондарының» нөмірлері, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға қолдау және көмек көрсету қызметтері туралы мектеп оқушыларына мәлімет берілді.
“Алдар көсе” ертегісін оқимыз
17
декабрь
2025
“Алдар көсе” ертегісін оқимыз
Мектебімізде “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Алдар көсе” ертегісін оқимыз атты танымдық шара өткізілді. Шараның мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, халық ауыз әдебиеті арқылы адалдыққа, тапқырлыққа, әділдікке тәрбиелеу. Іс-шараны ұйымдастырған кітапханашы: Хунияз С. Ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталған осындай игі бастамалар жалғасын таба берсін!