28
февраль
2020
« Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ата- аналар жиналыс
«Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен » коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Ата -аналармен ұстаздар арасында өткен
« Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жиналысының
ХАТТАМАСЫ № 4
Қапал ауылы 26 ақпан 2020 жыл
Өткізу уақыты: 15:00
Өткізілген орны: Ғали Орманов атындағы орта мектебінің мәжіліс залында
Қатысқандар:
Ақсу ауданының білім бөлімінің кадрлар жөніндегі орынбасары - Ә.Көшербайқызы
Ақсу ауданының білім бөлімінің әдіскері - Думан Маратұлы
Қамқоршылық кеңес мүшелері - 9
Ата – ана комитет мүшесі - 25
Ата-аналар - 33
Мектеп ұстаздары - 35
КҮН ТӘРТІБІНДЕ
1. Ақсу ауданың білім бөлімі сыбайлас жемқорлыққа мониторинг және ішкі талдау жүргізуі туралы.
1.1 Тыңдалды . Ақсу ауданының білім бөлімінің әдіскері- Думан Маратұлы. Аудандық білім бөлімі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басылдымдарды зерделей отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг туралы айтты.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар фактілерін болдырмау мақсатында аталған мектептің ата –аналары мен ұстаздарына «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту» тақырыбында әңгіме жүргізілді. Әңгіме барысында мектептің ата –аналары мен ұстаздары Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру бойынша өздерінің мінез-құлықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптастыру, осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік беруге және насихаттау жұмыстарын болашақта жандандыру, қызметкердің міндеті болуы керек екендігін өз түсініктерінде сұрақ- жауап арқылы ортаға салып талқылады.
1.2 Сөйледі. Ғали Орманов атындағы орта мектебі 6 «Ә» сыныбының ата-анасы-
Ахатұлы Толқын. Сыбайлас жемқорлық адамзатқа ертеден таныс– заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Осындай жемқорлық дейтін қауіпті дерт біздің мектебімізде бұрын-соңды орын алғаны емес. Мектепте мереке- мейрамдарға ақша жинау, ақшалай, заттар талап ету оқиғалары болған жоқ. Қайта түрлі іс-шаралар өткізіп, балаларымызды болашақта парақорлық атты індеттен бойын аулақ ұстауға тәрбиелеп келеді.
1.3 Сөйледі. Толепбекова Исахан апа. Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес- ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Қазір осындай былығы көп қоғамда біздің ауылымызда, мектебімізде сыбайлас жемқорлық жоқ. Осы уақытқа дейін болған да емес. Мектепте оқушыларға ақша жинату, ата-аналардан ақша талап ету істері орын алған жоқ.
1.4. Сөйледі. Мектебіміздің ардагер ұстазы-Самат Қасаболатұлы. Көбінде балаларымыздың тәрбиесіне ата-аналар сіздер жауаптысыздар. Өйткені мектептен гөрі көп уақытын сіздермен өткізеді. Сондықтан қазіргі қоғамның дертіне айналып бара жатқан телефонның жаппай етек алуы, оқушыларымызға кері ықпал етуде.
«Тәрбие –тал бесіктен басталады» - демекші қазірден бастап балаларыңызды қолға алып, телефонның зиянды тұстарымен таныстырып, дұрыс тәрбие берулеріңізді сұраймын.
1.5 Тыңдалды. Ақсу ауданының білім бөлімінің кадрлар жөніндегі орынбасары- Ә.Көшербайқызы. Бүгінгі өткен жалпы ата- аналар жиналысының маңызы зор. Бәрімізге белгілі жемқорлық қоғам жауы. Оның болдырмаудың бір шетінде өзіміз тұрмыз. Прокуратура, ұлттық қауіпсіздік , ішікі істер органдары, салық, кеден, қаржы және әскери полция осындай заң бұзушылақтарды айқындау, тоқтату, және кінәлілерді жауапқа тартумен айналысады. Сондықтан ана- аналар сіздерден жемқорлықпен күресу жағдайында әркез жәрдем көрсетулеріңізді сұраймыз. Және ол бойынша мемлекеттік кепілдіктер бар екенін де айтқым келеді. Егер сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық байқалған жағдайда осы сенім телефоны : 2-15-80
хабарласуларыңызды сұраймыз.
1.6 Сөйледі. Ата-аналар комитетінің мүшесі- Нусупбаева Ұлжалғас апа. Бұл метептен балаларымыз түлеп ұшып, енді немерелерімді оқытып жатырмын. Қаншама жыл бойы осы алтын ұяның қазанымен бірге қайнап, бірге жүгіріп келемін. Осы уақыт аралығында өзіме де басқасына да аян, сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс болған емес. Мұғалімдер тарапынан болсын, мектеп әкімшілігі тарапынан болсын заттай талап ету, ақша жинау жайыттары орын алған емес. Осы мектеп ұжымына ата-аналар атынан алғысымды білдіремін, барлық атқарып жатқан істеріне дән ризамыз. Кейде мереке –мейрам күндері ата-аналар өзіміз ақылдасып , өзара келісіп гүл силамасақ, басқалай әрекеттер орын алған жоқ.
Шешім:
1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға , қоғамның мемлекет органдар қызметіне сенімін арттыруға бағытталған құқықтық, әкімшілік және ұйымдастырушылық шаралар өткізілсін.
2.Орта білім беру мекемелерініғң директорлар мен мұғалімдері әр түрлі іс-шаралар мен қажеттіліктерге мектеп оқушыларынан 500-5000 теңге аралығында ақша қаражаттарын талап ету бойыншы қарсы шектеулер салынсын.
3.Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де шаралар ұйымдастырылсын.
МДМ атқарушы : Г.Ешмухамбетова
Хатшы: Жақияқызы Ж