01
май
2017
Мектеп тарихы
Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тарихы
2001-2002 оқу жылында Қапал орта мектебінің түлегі (1979 жылдан Ғали Орманов атындағы орта мектебі) , Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі болып қызмет атқарған Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловтың демеушілігімен күрделі жөндеу жұмыстары жүрілді.
Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып қызмет атқарған. Ғалым-математик, техника ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, Мемлекеттік сыйлықтын лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген қайраткері
2003 жылы қыркүйектен 2010 жылдың қыркүйегіне дейін мектеп директоры Асхат Сейденұлы Досмұхамбетов болды. А.С.Досмухамбетов мектеп басшылығына келген күннен бастап, ең әуелі мектептің материалдық базасын бұрынғыдан да жақсартуға ерекше мән берді. Соның нәтижесінде аудан әкімшілігінің қолдауымен мектептің шатыры жаңадан жабылып, жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде пән кәбинеттерінің орны ерекше. Мектебімізде бүгінгі күннің дидактикалық талабына сай жабдықталған АӘД, биология, математика, тарих-құқық, қазақ тілі және әдебиет, бастауыш сынып, технология кабинеттері бар. 2007 жылы мектебімізде мультимедиялық кабинеті ашылып, жұмыс жүргізуде. Мектеп кітапханасында 20 мың кітап қоры бар.
Мектебімізде 2007 жылдан бастап мектепке дейінгі 25 балаға арналған шағын орталық ашылып, бүгінгі күнге дейін нәтижелі тәрбие беруде..
Қазір мектеп ұжымында 47 мұғалім сабақ береді. Олардың 40 жоғары білімді, 6 жоғары санатты, 12 бірінші санаттағы мұғалімдер. Мұғалімдеріміздің арасында еңбегімен ел құрметіне бөленген аға ұстаздар Ахунов Рифхат Хабибуллаұлы, Тазабеков Мырзағали Нұрмұхамбетұлы, Керейбаев Кенжехан Рамазанұлы сияқты ұстаздарымыз бар. Мектептің шаруашылығын басқаратын Беглов Біләл де мектеп мақтанышы.