Қамқоршылық – қорғаншылық есебінде тұрған балалардың тұрмыс- тіршілігімен танысқаны туралы мәлімет » "Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі,
мектепке дейін шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72841) 3-12-52
Есепші бөлімі:
+7(72841) 3-12-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық – қорғаншылық есебінде тұрған балалардың тұрмыс- тіршілігімен танысқаны туралы мәлімет
14
сентябрь
2021

Қамқоршылық – қорғаншылық есебінде тұрған балалардың тұрмыс- тіршілігімен танысқаны туралы мәлімет


«Ғали Орманов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағы орталығымен» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қамқоршылық – қорғаншылық есебінде тұрған балалардың 

тұрмыс- тіршілігімен танысқаны туралы мәлімет


2021-2022 оқу жылының «Алматы облысы Білім басқармасының Ақсу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 09.09.2021 жылғы №73-2016 хаты негізінде мектепішілік комиссия мүшелері құрылған бұйрық шығарылып қамқоршылық – қорғаншылық есебінде тұрған балалардың тұрмыс – тіршілігімен танысуы бойынша үйлеріне барып акт жасалды. Зерттеу актісі барысында төмендегідей жайыттар анықталды.

Қамқоршылыққа алынған қазіргі таңда 9б сынып оқушысы Романюк Роман мен 11б сынып оқушысы Романюк Константиннің тұрғылықты мекенжайы С.Мұқанов көшесі, 20-шы үй. Әкелерінің қайтыс болуына байланысты, шешесі Романюк Ирина Сергеевна қамқоршылыққа келісім беруіне орай, апасы Осипова Наталья Николаевнаның қамқоршылыққа алу жөніндегі өтініші негізінде 21.07.2014 жылдан бастап осы отбасында тұрып, тәрбиеленіп келе жатыр. Тұрғын – үй тұрмыстық жағдайларына келетін болсақ, үйлері үлкен 4 бөлмелі, жатын және сабақ оқитын жеке бөлмелері қарастырылып, жағдайлары жасалған. Отбасындағы жалпы қарым-қатынастары өте жақсы, балалардан сыпайлылық пен өжеттілік байқалды. Қамқорлыққа алынушының жеке жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бары анықталған жоқ. Қамқорлыққа алынушы балалардың ерекшеліктері: сабақтарының үлгерімі жақсы, мектептегі қосымша сабақтар мен үйірмелерге белсене ат салысады. Денсаулықтарының жай-күйі жақсы, ешқандай медициналық қабылданған шаралар жоқ. 

Қорғаншылыққа алынған 10а сынып оқушысы Тәңірберген Алина С.Мұқанов көшесі, №28-ші үйде тұрады. Әкесі мен шешесінің бірдей қайтыс болуына байланысты Сағымбекова Ракима Исабекқызы 27.11.2012 жылдан бастап өз қорғаншылығына алған, апасының тәрбиесінде өсіп жатыр. Тұрақты тұрғын үйлері бар, тұрмыстық жағдайлары орташа, отбасындағы қарым-қатынастары жақсы, қорғаншылыққа алынушының жеке бөлмесі мен сабақ оқитын бұрышы қарастырылған. Қорғаншылыққа алынушының жеке жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталмады. Тәңірберген Алиананың ерекшеліктері мен жетістіктеріне тоқталсақ -  білімі жақсы,  мектепішілік ұйымдастырылған барлық іс-шараларға белсене қатысады, өлең айтып билеумен қатар спорттық ойындардада өзін көрсетіп, жақсы жақтарымен көзге түсуде. Денсаулығының жай-күйі жақсы деп танылған, бұрын соңды ешқандай ауру белгілері байқалмаған. 

Жоғарыда аталған қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы балаларға жалпыға міндетті оқу қорынан мектеп формасына, аяқ киімдеріне сұраныс берілді. Сонымен қатар аталған оқушыларға «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп ұжымы және демеушілер есебінен мектеп формаларымен қатар барлық оқу құралдары толық жабдықталған сөмкелерде берілді. Балалардың тұрмыс жағдайлары мен білім алуларын басты назарда ұстау мақсатында  мектеп тарапынан барлық жағдайлар мен көмектер қарастырылып, жоспарға сай бірқатар жұмыстар атқарылуда. 






Директор                               А.Касымова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив