Ғали Орманов атындағы орта мектебінің базасында «Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылып, өз жұмысын атқаруда.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министірінің 2020 жылғы 14 қаңтардағы «2020-2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» №1-ө өкімі, Алматы облысы әкімінің 2022 жылғы 07 маусымдағы №53-ө н/х өкімі, Ақсу аудандық білім бөлімінің 16.06.2022жылғы №251 бұйрығының негізінде Ғали Орманов атындағы орта мектебінің базасында «Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагері ұйымдастырылып, өз жұмысын атқаруда.
І кезең 2022 жылдың 20-30 маусым аралығында атқарылады.
«Тамшыбұлақ» жазғы демалыс лагерінің мақсаты: жазғы демалыс лагерінде тәрбиеленушілерге салауатты өмір салтын насихаттау, олармен ұлттық, спорттық-қозғалмалы ойындар өткізу, денсаулықтарын үнемі қадағалау, тәрбиелік мәні зор шаралар ұйымдастырылсын, жазғы демалыс кезеңінде балалардың өмірінің қауіпсіздігіне жауап беру.
20 маусым күні сағат 10.00-де санитарлық гигиеналық талапқа сай Ж.Сыдықов ОМ-нен 15 бала, К.Сәтпаев ОМГ-дан 25 бала, Е.Сиқымов ОМ-нен 15 бала қабылданды. Балаларды медбике С.Қожахметова медициналық тексеруден өткізді.
Жоспарға сай психолог Б.Жунусов балалармен және тәрбиешілермен «Кел танысайық» тренингін өткізіп, бір-бірімен және тәрбиешілермен таныстырды. А.Кенесова мен Д. Дүйсенбаева балаларға «Өмір қауіпсіздігі» ережесі және күнделікті өтетін «Күн тәртібімен» таныстырып, іс-шара барысына түсініктеме берді. «Тамшыбұлақ» қойнауы тарихқа тунған Қапал ауылына жақын Жоңғар Алатау жотасының сілемдеріндегі бұлақ бастауын саяхаттау мақсатында Қапал ауылының Сакралды «Тамшыбұлақ» бұлағына және «Жібек жолы» көшесінде орналасқан ойын алаңына балалар серуендеп келді.

