Абайды оқы,таңырқа! » "Ғали Орманов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы білім басқармасының
Ақсу ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ғали Орманов атындағы орта мектебі,
мектепке дейін шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72841) 3-12-52
Есепші бөлімі:
+7(72841) 3-12-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
январь
2020

Абайды оқы,таңырқа!

Абайды оқы,таңырқа!
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
27.01.2020 жылы "Ғали Орманов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде еліміздің тұнғыш президент «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл- мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу мақсатында «Абайды оқы ,таңырқа»!атты 5-11 сынып оқушылары арасында сайыс өтті.(әр сыныптан 5 оқушыдан қатысты)Сайыс 4 бағытта өтті.1 бағыт «Өлең сөздің патшасы ,сөз сарасы» қатысушылар Абай өлеңдерін 3 тілде оқыды.2 бағыт –«Білімді мыңды жығар»(Абай мұрасынан сұрақ-жауап) әділқазылар алдынан сұрақ алу.3 бағытта оқушылар Абайдың әндерін шырқады.4 бағытта зерделі сөздің –зергері Абай атамыздың асыл сөздерінің жалғасын табумен, мәреге жетті.Қазылар алқасына мектепішілік ата-аналар комитеті –Хамитова Жанат,ауылдық кітапхана қызметкері-Г.Садвакасова, қазақ тілі пәні мұғалімі-Майколемова А.Қ,орыс тілі пәні мұғалімі-Сансызбекова Т.А.,ағылшын тілі пәні мұғалімі-Айтқасым Ж.төрелік етті.Қазылардан сын естігендердің қатары аз болмады.Әсіресе бірінші бағыт бойынша өлеңді жатқа оқыған бірқатар оқушылар төрешілер тарапынан Абайдың өлеңдерінің сөздерін өзгертіп айтқан үшін, ескерту естіді.Әйтсе де сайыстың аты сайыс.Жеңген де бар, жеңілген де бар.Байқау соңында жеңімпаздар мақтау грамотасымен марапатталды.Жүлделі орынды-7 «Ә» сынып оқушылары.,І орынды-5 «Ә» сынып оқушылары, ІІ орынды -6 «А»,ІІІ орынды 7 «А» сыныбы қанжығасына байлады.
Балалардың ұлы ақынның мұрасын осындай дәрежеде білуінің өзі үлкен қуанарлық жағдай.Мұндай сөз өнері тек қазақ халқында ғана бар.Ол қазақ халқының інжу-маржаны.Абай атамыздың әрбір өлеңін,әнін жанына серік етіп жүрген бала ,келешекте еш нәрседен ұтылмайды.Сол үшін біз Абайға ,Абай бастаған ұлыларға басымызды иіп тағзым етуіміз керек. Сонда ғана Абай біздің мәңгілік бағдаршамымыз болып қалады. Абай әндерін шырқап ,өлеңдерін жатқа оқитын ,қарасөздерінің мағынасына түйсіне білетін оқушыларға бұндай сайыстардың берер мүмкіндігі зор. Сол себепті осындай сайыстарды,оқуларды жиі өткізіп тұрсақ өсіп келе жатқан жас ұрпаққа ұлттық рух сыйлап,өнер жолына бағыт- бағдар береміз.





Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив