21
октябрь
2019
«Қызға қырық үйден тыйым»
14.10.2019 жылы Ғали Орманов атындағы орта мектебінде «Қызға қырық үйден тыйым» атты тақырыпта дөңгелек үстел аулымыздың ардақты әжесі Оспанова Дінәйхан апа,Ақын Сара мемориалды мұражайының қызметкері Қалқаман Абдрахманұлы және 9-11 сынып қыздарының қатысуымен өтті.
Мақсаты: Қыз балаларға адамгершілік, адалдық,іс-қимыл,жүріс – тұрыс дағдысы,қыз намысы,сымбаты туралы жан –жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік,әдептілік,сыпайылық,тиянақтылық,имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту.Жеке бас гигиенасын сақтауға ,әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.
Қыз ананың көркі де,жаны да,
Қыз бақтың жапырағы,талы да.
Қыз көңілдің бүршігі ғой гүл атқан,
Қыз елдің жүрегі де бағы да.
Халқымызда қыздың орны қашанда айрықша болған. Қызды тәрбиелей отырып бүкіл ұлтты тәрбиелей аламыз, бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық философиясы. «Ел болам десең – бесігіңді түзе» деген, ел сенімін ақтап,болашақ ана болар,тәуелсіз еліміздің келешегін алға апарар білімді,тәрбиелі,инабатты,сыпайы,әдепті қыз бала тәрбиелеу ұлтымыздың ұлағатты парызы.