Қамқорлық кеңестің атқарылған жұмыстары жайлы есебі
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры А.Касымова 2018-2019 оқу жылының ІІ жарты жылындағы қамқоршылық кеңесінің есебі тыңдалды.Board of Trusteesі 2017 жылыдан бастап 9 адамнан құрылған.Жоспар бойынша қамқоршылық кеңесінің екі отырысы өткізіліп,күн тәртібіндегі жұмыстар талқыланып отырды.Мектеп бойынша қамқоршылықтағы тұлдыр жетім 4 оқушы,жартылай жетім 17,көпбалалы отбасынан 87 оқушы.2018-2019 оқу жылының аталған оқушылардың ішінен 58 оқушыға «Мектепке жол »және «Жаныңда жүр –жақсы адам» атты екі рет қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Жүз мың теңге көлемінде қаражатқа керекті киімдер,оқу құралдары алынып берілді.
Міндетті білім беру қорының есебінен 46 оқушыға бір уақыт тегін ыстық тамақ мектеп асханасы арқылы берілуде.29 қазан «Қамқоршылық» күнінде , «Аялы алақан» атты сыныптан тыс шара,тренингтар ұйымдастырылды.
Спорттық шаралар: «Көңілді старт», «Кім шапшаң? Кім жылдам?», «Толағай» т.б. жарыстар өткізілді.Мерекелік шара бойынша «Бір шаңырақ астында», «Әз-Наурыз – салтымыздың айнасы», «Бала деген бір бақыт» ұйымдастырылды. Көктем каникулы кезінде 150 оқушы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыруға » байланысты «Ақын Сара» мұражайына барып қайтты.
Board of Trusteesінің үлесімен мектеп ауласына 153 раушан көшеттері,24 алма ағашы,10 қарағай отырғызылды.Жеке кәсіпкер Рахметов Жайлау жаз мезгілінде аз қамтылған отбасының ,5 үздік оқушыны Алматы қаласын аралауды жоспарға сай ұйымдастырып отыр.Әлі де болса атқарылатын жұмыс көп,осыған сіздердің көбірек жұмыс істеулеріңіз қажет.
Шешім:
1.Board of Trusteesінің 2018-2019 оқу жылында ІІ жарты жылдығындағы есебі қанағаттандырылсын.
2.Қасқоршылық кеңесінің жұмысын жандандыру кеңес мүшелеріне міндеттелсін.
3.Шешімнің орындалуына бақылау-басшылық жасау кеңес төрағасы А.Маршлұлына тапсырылсын