09
January
2020
«Ғазиз жүрек – Ғали ата» атты мәнерлеп оқу сайысы
[center]
Ғали Орманов
15.08.1907 - 05.09.1978 [/center]
05.01.2020 жылы Ғали Орманов атындағы орта мектебінде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» «Заманауи Қазақстан мәдениеті» бағдарламасы аясында «Ғазиз жүрек – Ғали ата» атты мәнерлеп оқу сайысы Ғали атамызға арналған мектеп мұражайында өтті. Сайысқа 7- 8 сынып оқушылары қатысты.
Ғали Орманов Almaty region, Қапал ауданы, Қызыл жұлдыз ауылында 15.08.1907 жылы дүниеге келген Ғали Орманов бастауыш мектепте сауат ашып, кейін Алматыдағы халық ағарту институтының дайындық курсында оқыған. Жоғары білімді Абай атындағы педагогика институтында алды.
Ғали Ормановтың алғашқы өлеңдері 1928 жылдан бастап баспа жүзінде шыға бастады. 1934 жылы Ғали Ормановтың 1927-1933 жылдар арасында жазған өлеңдерінің жинағы «Шеңбер» деген атпен жарық көрді. 1936 жылы «Абысын сыры» атты жинағы шықты. Ұлы Отан соғысы жылдары ақын «Халық қаһарманы» (1941), Емен (1944) деген өлеңдер жинағын ұсынды.
Ғали Орманов Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Мәнерлеп оқу сайысы 3 кезеңнен тұрды.
1кезеңде: Жақияқызы Жайнаргүл / Экскурсия жүргізуші
/ мұражаймен таныстырды.
2 кезеңде: Оқушылар Ғали атамыздың өлеңдерін оқыды.
3 кезеңде: Оқушылар өздерінің арнауларын оқыды.
Ғали Орманов қазақ әдебиетінде бүгінгі ұрпақ үшін өз орнын алған қаламгер ретінде кеңінен танылған. Ақын жырлары қазақ поэзиясын қалыптастыруымен бірге заманауи ел өмірінде ерекше көрініс тапты. Оның қазақтың қасиетті қара өлеңін жаңа қырынан танытқан ұшқыр қиялы, өзіндік ұйқасы әдебиетіміздегі тамаша үлгіге айналды. Ақын өмірі, оның шығармашылық жолы бүгінгі және келешек ұрпақ үшін үлгі-өнеге болып қала бермек. Сондықтан, аталмыш шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.