21
June
2021
«Ақын Сара» мемориалды мұражайына экскурсовод А.Сапарованың таныстыруымен саяхат жүргізілді.
21 маусым күні Жетісу жерінің ақындарымен соның ішінде ақын Сараның өмірін, шығармашылығын насихаттап, жастарға таныстыру мақсатында Қапал ауылының «Ақын Сара» мемориалды мұражайына экскурсовод А.Сапарованың таныстыруымен саяхат жүргізілді. Топ арасында
талантты балаларды анықтау; олардың эстетикалық
талғамын дамыту мақсатында әр топ бойынша «Таланттар әлемі» музыкалық жарыс өткізіліп, балалардың өнерлері анықталды. Балалардың арасында қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Көңілді шеңбер» атты психологиялық ойын өткізілді.